Бибарыс Әкімәлі атты оқырманымыздың сұнысы:  "-СТ" ЖӨНІНДЕ

Бибарыс Әкімәлі атты оқырманымыздың сұнысы:

"-СТ" ЖӨНІНДЕ



Қазақшада "-ст" әріп тіркесіне аяқталар кірме сөздерде соңғы "т" жойылғаны лазым. Неге? Біріншіден, қазақ тілінің төл сингармонизмі әсерімен соңында "-ст" бар ертерек енген кірме сөздерде "т" әлдеқашан түсіп қалған. Мәселен, ауропалық тілдерден енген "artist" – "әртіс", "известь" – "ізбес", "волость" – "болыс"; парсы тілінен енген "rast" (راست) – "рас", "mast" (مست) – "мас", "dost" (دوست) – "дос", "dast" (دست, қол) – "дәс"/"дес" (дәс орамал – қол орамал; дес бермеу), "durust" (درست) – "дұрыс". Демек, біздің тіл, қай бір тілден кірме сөз қабылдамасын, сөздердің соңындағы "-ст-нің" "т-сін" жоюға бейім. Одан қалды, "зд" тіркестеріндегі "д" да жойылып кетуі жиі (өздеріңізге таныс пойыз, ояз, съез). Алайда, ағымдағы постың назары – "т-да". Екіншіден, қазақ тілінің жалғауға қатысты бір ережесіне сай, "-ст-мен" тәмамдалар сөзге (журналист, пост) дауыссыз дыбыстан басталар қосымша жалғанса (мәселен, көптік жалғау я ілік септігінің жалғауы), бір "т-ның" түсіп қалуы – шарт: журналист, пост + -тер/-тар, -тің/-тың = журналистер, постар; журналистің, постың. Яғни, қолданыстағы қазақ тілінің нормалары да қос "т-ның" қолайсыздығынан хабардар. Дегенмен ол қолайсыздықтан кей пост жазар журналистердің өзі, керісінше, бейхабар екен: футболисттер, атеисттер деп жазып қояды. Жоғарыда аталмыш себептерге сүйене қорытындыларым, журналист деген – jurnalis, пост деген pos (және т.б.) болғаны жөн. Аслы, бұл өзгерістер әлдеқашан орын алулары керектін, яғни журналист пен пост өздері-ақ журналис пен посқа айналарды. Бірақ Кеңес заманындағы пропаганданың "арқасында", кірме сөздердің бәрі қазақ сингармонизміне үйлестіріле кірудің орнына, орыс тілінің заңдары арқылы енген. 

P. S. Осы посқа деген назарыңыз үшін, боныс ретінде қызық дерек: "рас" сөзі үнді-ауропалық тіл – парсының – "раст" сөзінен енген. Сол "раст" сөзі – ағылшын тіліндегі көпке таныс "right" сөзінің түбірі. Яғни, мәнімен де, түбірімен де, ras = right.
 

KAZAKÇA İLE İLGİLİ TÜM YAZILARI OKUMAK İÇİN TIKLAYINIZ:

KAZAK TÜRKÇESİ

kazakça öğreniyorum, kazakça alfabe, kazakça çeviri, kazakça cümleler, kazakça günlük kelimeler, kazakça kelimeler ve anlamları, kazakça gramer, kazakça Türkçe sözlük indir

Kazak Türkçesi, Kazakça, Türk Lehçeleri, Türk Lehçeleri, kazakça öğreniyorum, kazakça alfabe, kazakça çeviri, kazakça cümleler, kazakça günlük kelimeler, kazakça kelimeler ve anlamları, kazakça gramer, kazakça Türkçe sözlük indir

TÜRK DESTANLARI KOLAY ERİŞİM ÇİZELGESİ

Yorumlar (0)