/ң/ дыбысын қалай белгілеу керек?

★ /ң/ дыбысын қалай белгілеу керек? ★



/ң/ дыбысын латын әрпімен белгілеу үшін 3 нұсқа қарастырып көрейік (ng мен nh диграфтарын және апострофпен белгілеуді қарастырмаймыз).

1. Ŋ ŋ - Қалықаралық Фонетик Әліпбидегі (IPA) /ң/ дыбысын белгілейтін символ. Жаңәліпте Ꞑ ꞑ боп жазылған. 

➕ Pros:
1) /ң/ дыбысын нақты белгілейтін әріп.
2) Ағылшын тілі транскрипциясын білетіндерге (ондайлар көп) таныс.
3) Қолжазбада қолай.
4) Оқуда қиындық туғызбайды.

➖ Cons:
1) Пернетақталарда аз кездеседі (Android-тың кейбір нұсқаларында ғана бар).
2) Диакритикалық әріптерді бірдей белгілеу принцибіне қайшы (әріп асты).*

2. Ñ ñ - /нь/ дыбысын белгілейтін әріп, “энье” деп аталады.

➕ Pros:
1) Смартфондардағы пернетақталардың бәрінде кездеседі.
2) Диакритикалық әріптерді бірдей белгілеу принцибіне сай (әріп үсті).*

➖ Cons: 
Жазуда қолайсыз

3. Ň ň - бұл әріп шек (чех) және словак тілдерінде /нь/ дыбысын, түркпен тілінде /ң/ дыбысын белгілейді.

➕ Pros: 
Диакритикалық әріптерді бірдей белгілеу принцибіне сай (әріп үсті).*

➖ Cons:
1) Пернетақталарда аз кездеседі (Android-тың кейбір нұсқаларында ғана бар).
2) Жазуда қолайсыз.

* - бұл принцип аса маңызды емес.

#kz_latin #kazaklatin #qazaqlatin #kazaktili#qazaqtili #казакскийязык #казахский

Murat Sultan attı okırmanımızdıŋ sunısı:



Armısız, Kazak Grammar Nazi-dıñ oylı da, öreli okırmandarı.

Bügin men kazaktıñ töl dıbısı "ң"-нің äriptik formısın kelecek kazak alfabetinde saktaw kerek pe degenge öz pikirimdi sunbakpın.

Men(im)ce, "ң"-ның dıbıstık turımın gana saktap, äriptik turımın singarmonga süyenip "m" men "n"ge ülestirip bersek äldekayda utımdı bolatınday. Mısalı, "меніңше, ештеңе, бірдеңе" degenderdi birizge sap "men(im)ce, ecteme, birdeme" etsek burıs bolmas. Onsızda fransuz/-ız, etal sekildi jurttar "ң"-ды "gn", germandar men engilder "ng", кей-кейде "nk"(хотя, "к"-оқылады) men beynelep berip jür. Men kelecek kazak tilinde "ң" dıbısı bolganın kalasam da, onın kolmen jazıwga kolapay "ñ", "ň" etc. äriptermen beynelengenin ec kalamaymın.

******************

Admin: Sunıstarıŋız bolsa, mindetti türde bölisiŋiz

Yorumlar (0)