SÖZEKTİ -Достар, Massaget.kz сайтында біздің жоба туралы қызықты да қазықты мақала шықты.

★ SÖZEKTİ ★

Достар, Massaget.kz сайтында біздің жоба туралы қызықты да қазықты мақала шықты. Мұқият оқып шығыңыз. Елімізде латын алпабеті туралы айтылып келе жатқанның бәрін аутыр шебер жүйелеп шыққан.

Мақала аты - Ендігі мәселе: қабылданатын әліпби қандай болмақ? 
Мақала аутыры - Амангелді Аралбайұлы

Мақаладан үздік үзінді:
Талданатын латын әліпбиінің келесі төртінші нұсқасы – Kazak Grammar Alpabeti. Әліпби авторлары 28 дыбысты 26 әріппен таңбалаған. Бұл әліпбиді талдамас бұрын, алдымен артықшылықтарын айтар болсақ. Кемшілігі – диакритикалы таңбаларға шрифтердің болмауы немесе өте аз болуы, кірме сөздерді жазуда дыбыстардың аздығы қиындықтар туғызуы мүмкін, алайда бұл кемшіліктен бұрын қорқыныш десек болады, себебі кірме сөздерді төл дыбыстарымызбен ғана беру – тілдің басты ерекшелігі әрі құндылығы болып табылады).

Қазақ тілінде 17 дауыссыз дыбыс бар, алайда әзіргі кезде /q/ және /ʁ/ дыбыстарын /k/, /g/ дыбыстарынан бөлек дыбыс деп есептегендіктен 19 делініп жүр. Асылында, /q/ (қ) дыбысы – /k/ (к) дыбысының, ал /ʁ/ (ғ) дыбысы – /g/ (г) дыбысының аллофоны болып табылады. Аллофон - фонеманың жүзеге асуы. Бұл дегеніміз жіңішке дауыстылардың арасында келген к және г әріптері тек /k/, /g/ дыбысын, ал жуан дауыстылар арасында келеген к, г әріптері /q/ және /ʁ/ дыбыстарын ғана бере алатындығын білдіреді (kırgız – қырғыз, kirgiz – кіргіз, lak – лақ, lek – лек). Сондықтан Kazgrammar alpabeti-тін құрастырушылар әзіргі әліпбиде бар ғ және қ әріптеріне жеке әріп арнамай, 4 дыбысқа 2 әріп арнаған. Бұл қазақ тілінде қатаң сақталатын үндестік заңдылығын қолданысқа енгізудің ұтымды әрі дұрыс жолы, себебі бұндай тәжірибе түрікпен, татар және қырғыз тілдерінде 70 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және аталған тілдер еш дыбысын жоғалтпаған.

Сөйтіп Kazak Grammar Nazi /ŋ/ дыбысынан өзге барлық 16 дауыссызды латынның стандарт әріптерімен белгілеген. Тек көптеген әлемдік тілдерде арнайы таңбасы жоқ, көбіне «sh» диграфымен берілетін /ʃ/ дыбысын С әрпі арқылы белгілеп, тағы бір ұтымды қадам жасады деуге болады, себебі S әрпіне жеке диакритикалы таңба (Ş, Š) арнағанша, қолданылмай тұрған әріпті пайдалану – оңтайлы шешім. Оған қоса, 1929 және 1949 жылдар аралығында қолданылған латын әліпбиімізде де, яғни Жаңәліпте Ш-ны С арқылы белгілегендігі бәрімізге аяң. Ал тілімізге тән /ŋ/ дыбысын әлемдік тәжірибеге сүйеніп, «ng» диграфымен белгілеу – теңге, дөңгелек, теңе, жанға және тағы да басқа сөздерді жазып оқуда қиындық тудыратындықтан, энтузиасттер /ŋ/ дыбысын Ŋŋ диакритикалы таңбасымен белгілеуді шешкен. Бұл типографтар мен веб-дизайнер секілді мамандар үшін ауыр жаңалық болып есептеледі, себебі Google Fonts-тағы 497 латын шрифтерінің 280-нде ғана Ŋŋ әрпі бар. Бұл дегеніміз латын шрифтерінің 44%-нда Ŋŋ әрпі жоқ деген сөз. Сондықтан бұл мәселе - Kazgrammar alpabeti-нің басты әрі жалғыз кемшілігі десек болады.

Дауысты дыбыстарға келер болсақ, диакритикасыз болмайтын сияқты, себебі онсыз не диграф, не апостроф көмегіне жүгінуге тура келеді. Диграфтар типографтар мен веб-дизайнерлер үшін жақсы жаңалық болғанымен, қарапайым халыққа жағымсыз жаңалық, себебі қос әріп жазу – бір әріпті жазудан көп уақыт алатындығы мен мәтінді көлемді етіп, оқылымын қиындататыны анық. Ал апостроф сөздің тұтастығын бұзып, мәтіннің терілу жылдамдығы мен оқылымы нашарлайды. Сондықтан жалғыз шешім – диакритикалы таңбаға жүгіну. Тілімізде жалпы 9 дауысты дыбыс бар, оның 4-і жуан, 5-і жіңішке. Латында ә, ө, ү сияқты жіңішке жұптары бар а, о, ұ жуан дауыстыларымызды белгілеу үшін әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын “умляуттарды” пайдалану – бір оқпен қос қоянды атумен тең болады. Бірінші қоян – дәл осы жоғарғы қос нүкте түркі тілдерінде, біршама еуропалық тілдерде (неміс, фин, эстон, мажар, словак) дауысты дыбыстың “жіңішке” жұбын белгілеуде қолданылуы болса, екінші қоян – көптеген тілдерде кездесетін диакритикалы таңба болғандықтан шрифт мәселесі орын алмайды. Сонымен, Kazgrammar alpabeti бойынша жуан а, о, ұ дыбыстары — a, o, u деп, ал жіңішке ә, ө, ү дыбыстары умляутты ä, ö, ü әріптерімен белгіленген. Ал /ɯ/ (ы) дыбысын Kazgrammar-лықтар түрік, әзірбайжан және қырымтатар тілдеріндегідей кеңейтілген латиницаның «нүктесіз I» әрпімен белгілеуді шешіпті. Бұл әріптің бас әрпі «і» дыбысын белгілеуге алынған стандарт латынның «нүктелі I» әрпімен бірдей болғандықтан, i әрпінің бас әрпін İ диакритикалы таңбасымен белгілеуге тура келеді, алайда бұл көп мәселе тудырмайды деп ойлаймыз. Нәтижесінде әліпбиде барлығы 26 әріп, оның ішінде алтауы – диакритикалы әріп (İi әрпінің тек бас әрпі диакритикалы болса, Iı әрпінің тек кіші әрпі диакритикалы, сондықтан 5 әріп қана диакритикалы десек те болады).

Ал «Ии әрпі қайда?» деген жиі қойылатын сұраққа келсек. Байқағандарыңыздай «и» әрпі тіл институты ұсынған әліпбиде де жоқ. Оның себебі «и» дыбысы қазақ тілінде – ій және ый жұбымен берілетін дифтонг, яғни қосарлы дыбыс болып саналады. Төмендегі суретте көріп тұрсаңыздар гәзет атауы – «Сотсыйалды Қазағыстан» (Социальный Казахстан), бұл жерден біз «и» дыбысын «ый» қосарлы дыбысы арқылы бергендігін және ц әрпін «тс» жұбымен жазғандығын аңғаруымызға болады. Сондықтан бұл қосарлы дыбыс тілімізге енейін деп тұрған жаңалық емес, бұрын қолданған. Осыны ескерсек, бұл шешім қазақ тілінің латынға көшкелі емес, оралғалы тұрғанын айқындап тұрғандай. Сонымен тұжырымды нақтылау үшін бірнеше мысал келтіріп өтсек: әзіргі кириллицада жазылып жүрген сиыр, сыйлық, ми, биыл, ине, ит, сияқты сөздер Kazgrammar alpabeti бойынша sıyır, sıylık, mıy, bıyıl, iyne, iyt, niyet деп жазылады. Бұл шешім арқылы tiy, tıy, siy, sıy, kiy, kıy және тағы да басқа осы сияқты сөздердегі керемет симметрияны қайтарамыз, сонымен қатар тілімізге тән орфография мен орфоэпия жақындығын одан сайын жақындата түспекпіз.

Келесі мәселе – Уу әрпі. Мектепте неше жылдар бойы әмбебап дыбыс болып келген «у» дыбысы – асылында дауыссыз үнді дыбыс, сондықтан бұл дыбысты латынның W әрпімен белгілеу шешілген. Қазақ тілінде екі дауыссыз қатар келмейді деген ережені ескерсек, «алу, беру, буын, ту, су сияқты сөздерді қалай жазамыз?» деген сұрақ туындайды. Бұл мәселе 1938 жылы жүргізілген реформаға дейін ұу және үу жұптарымен беру арқылы шешіліп отырған (жоғарыдағы Atqaruv Komijteti деген сөзден байқауға болады), алайда реформадан кейін у әрпі беретін барлық дыбыстарды (/w/, /ɤw/, /yw/, /ɯw/, /ɪw/) Uu арқылы, ал и әрпі беретін /ɯj/, /ɪj/ дыбыстарын Ii әрпімен таңбалау қабылданып, тілімізге үлкен қиянат жасалынды. Kazak Grammar Nazi ұжымы реформадан кейін жоғалған дыбыстарды қайтару мақсатында У әрпін: бас буында – uw (/ɤw/) жуан сөздердің ортаңғы және соңғы буындарында дауыссыз дыбыстан соң келсе – ıw (/ɯw/) жіңішке сөздердің ортаңғы және соңғы буындарында дауыссыз дыбыстан соң келсе – iw (/ɪw/) дауысты дыбыстардың арасында – w (/w/) батыстық кірме сөздерде – u (/u/) деп жазуды ұсынады. Неге Жаңаәліптегідей ұу, үу жұптарымен шектелмедік деген сұраққа жауап: қазақ тілінде еріндік дауыстылар бірінші буыннан ары қарай өтпеуі тиіс (А. Байтұрсынұлы еңбектерінен байқауға болады). Бұлбұл, дәстүр, марқұм сөздерінің дұрыс жазылуы – бұлбыл, дәстір, марқым. Сонымен алу, беру, буын, ту, су сияқты сөздерді Kazak Grammar әліпбиі бойынша alıw, beriw, buwın, tuw, suw жазамыз.

KAZAKÇA İLE İLGİLİ TÜM YAZILARI OKUMAK İÇİN TIKLAYINIZ:

KAZAK TÜRKÇESİ

kazakça öğreniyorum, kazakça alfabe, kazakça çeviri, kazakça cümleler, kazakça günlük kelimeler, kazakça kelimeler ve anlamları, kazakça gramer, kazakça Türkçe sözlük indir

Kazak Türkçesi, Kazakça, Türk Lehçeleri, Türk Lehçeleri, kazakça öğreniyorum, kazakça alfabe, kazakça çeviri, kazakça cümleler, kazakça günlük kelimeler, kazakça kelimeler ve anlamları, kazakça gramer, kazakça Türkçe sözlük indir

TÜRK DESTANLARI KOLAY ERİŞİM ÇİZELGESİ

Yorumlar (0)