ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПРЕФИКСТЕР

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПРЕФИКСТЕР



Қазақ сөздерінде парсы тілінен енген екі префикс бар: “бей-”/“бе-”/“би-” және “на-”/“не-”. “Бей-”/“бе-”/“би-” нәрсенің жоқтығын білдіру үшін, “на-”/“не-” қарама-қарсы мәнді білдіру үшін қолданылады.

“БЕЙ-”/“БЕ-”/“БИ-”:

бейбақ ~ бақытсыз
бекер ~ текке
беймаза ~ мазасыз
бишара ~ шарасыз
бейсана ~ санасыз
бейтарап ~ тарапсыз

“НА-”/“НЕ-”:

надан ~ ақылды емес
надұрыс ~ дұрыс емес
нақақ ~ рас емес
нақұрыс ~ есті емес
намағлұм ~ мәлім емес
намақұл ~ дұрыс емес
наразы ~ разы емес
нашар ~ жаман
неғайбыл ~ белгісіз
немелтай ~ көп емес

#kazaktili #казахскийязык #kazakhlanguage#qazaqtili #морфология #morphology

★ /ң/ дыбысын қалай белгілеу керек? ★



/ң/ дыбысын латын әрпімен белгілеу үшін 3 нұсқа қарастырып көрейік (ng мен nh диграфтарын және апострофпен белгілеуді қарастырмаймыз).

1. Ŋ ŋ - Қалықаралық Фонетик Әліпбидегі (IPA) /ң/ дыбысын белгілейтін символ. Жаңәліпте Ꞑ ꞑ боп жазылған.

Yorumlar (0)